DataLife Engine > Жаңалықтар > Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу


27-10-2017, 16:43
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шара мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

    Шараға Қызылорда облысы әкімі жанындағы діни терроризмнің және экстремизмнің алдын алу тобының мүшесі, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Алдашбаев Сәкен Мінуарұлы, Төлен-ата мешітінің имамы Омаров Бақытбек Дүзелбайұлы, С.Ысқақов атындағы «Құрылыс және бизнес» колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қаражанова Рая Аязбекқызы, «Болашақ» колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қонысов Жәнібек қатысты. Іс-шара барысында дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан - жақты талдап,жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Шараға жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері, «Болашақ» және «Өркениет» колледжінің студенттері қатысты.

     Оқырмандар назарына «Діни экстремизм – ғасыр індеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

 


 


Вернуться назад