DataLife Engine > Жаңалықтар > «Үштілділік – өмір қажеттілігі»

«Үштілділік – өмір қажеттілігі»


16-11-2017, 19:06
Автор: akbota

Елбасы тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 16 қараша күні «Үштілділік – өмір қажеттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ВТПО-15-1, СИБ-16-3, СИБ-16-5, ЭЭ-17-1, ХТО-16-1, ХТН-16-1 оқу топтарының студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында өз ана тіліңе құрметпен қарай отырып, ұлтаралық қатынастар тілін еркін игеруге, жаһанданудың жетістіктеріне жетуде ағылшын тілінде сөйлеу - Қазақстанның болашағын жарқын болуының айғағы туралы жастарға сөз етіліп, сұрақтар мен парасатты пікірлер талқыланды.

      «Үштілділік – кемел келешек кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 



Вернуться назад