DataLife Engine > Жаңалықтар > Саяхат

Саяхат


18-11-2017, 18:58
Автор: akbota

    18  қараша   күні  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап  ғылыми  кітапханаға  №7 орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Гүлмира Төлепбаевамен  бірге қонаққа келді.

    Балалар кітапхананың барлық бөлімдерінің жұмысымен танысты. Әсіресе Әбділда Тәжібаев мұражайын аралағанда балалардың қызығушылығы артып, ақынның өлеңдерін жатқа оқып берді. Өнер бөлімінде осы кітапхананың домбыра үйірмесіне қатысушы Бөкенбайқызы Жанерке  сыныптастырына арнап   халық күйі «Кеңесті» тартып берді.  Балалар  бөлімінде өздерінің оқыған ертегілері бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Бұл күн балаларға өте жақсы әсер қалдырды.








 

Вернуться назад