«Ертегілер – бізде қонақта»
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 24 қараша күні мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, рухани дамуына және қоғамдағы орнын табуына көмек көрсету мақсатында «Ертегілер – бізде қонақта» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Мәдени шарада балаларға қуаныш сыйлауға №144 С. Әлжіков атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, әлем халық ертегілерінен қойылымдар қойды.
Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансері, қаламыздағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты, №7 Арнайы түзету мектеп-интернаты тәрбиеленушілері қатысып, қойылымды тамашалады және олар да өз өнерлерін көрсетіп, ән салды және би биледі. Мәдени шара өте тартымды, қызықты болып өтті.
Вернуться назад