DataLife Engine > Жаңалықтар > «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» /конференция сабақ/

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» /конференция сабақ/


28-11-2017, 18:59
Автор: akbota

         2017 жылдың 20-29 қараша аралығында республикалық ақпараттық науқанның өтуіне байланысты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалардың құқығын қорғау және заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, ата-аналардың белсенділігін және қоғамның ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында – 28 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты конференция сабағы өткізілді.

         Аталмыш шараға Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің психологы Г.Есмаханова, кітапханашы Ш.Байжанова және 7 «А», 7 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысып, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру жайында «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын», «Балалар құқығын қорғау», «Білімді ұрпақ-ел ертеңі» сұрақ-жауап бөлімдері  бойынша өзара пікір алмасты.

         Шара соңында оқырмандар «Зорлық-зомбылықсыз әлем» атты  кітап көрмесімен танысты.







 

Вернуться назад