DataLife Engine > Жаңалықтар > «Оқитын отбасы-2017» (бенефис)

«Оқитын отбасы-2017» (бенефис)


28-12-2017, 09:38
Автор: akbota

          Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  отбасылық  оқуларды ұйымдастыру,  оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында  2017 жылдың 27 желтоқсан күні «Оқитын отбасы-2017» атты мәдени шара ұйымдастырды. Кештің алғашқы қонақтары ретінде Искаковтар отбасы, Ибраевтар отбасы, Байбахтиевтер отбасылары  қатысты.

          Шара барысында отбасы мүшелері өздерін таныстырып, отбасы өміріндегі кітаптың алатын орнына тоқталды. Кітап және кітапхана туралы әңгімелеп, отбасылық әдеби шығармашылық жұмыстарын көпшілікке көрсетті.

          Шараға қатысқан оқырмандар «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесімен танысып, өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті, оқырмандармен сұрақ-жауап ойындары өткізілді.




 

Вернуться назад