DataLife Engine > Жаңалықтар > «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» Астана қаласына – 20 жыл. Кітап көрмесі

«Арқа төсіндегі ару қала – Астана» Астана қаласына – 20 жыл. Кітап көрмесі


8-01-2018, 15:52
Автор: akbota

       Тарихтан ерекше орын алып, қарыштап дамыған мемлекеттің  әрі  мәңгілік достықтың символына айналған  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасы  «Арқа төсіндегі ару қала – Астана»  атты арнайы дайындалған кітап көрмесін оқырмандарға ұсынды.

       Аталған шараның мақсаты - Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен  тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату.

       Тақырыпқа сай безендірілген көрме «Астана тарихы – ел тарихы», «Астана – Елбасының ерлігі», «Тәуелсіздік тұмары – Астана» атты бөлімдерден құралған.

       Көрме Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихын, Елбасының жаңа астана салу идеясын ұсынуы мен жүзеге асырған кезеңдерді және Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуын қамтиды.

       Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі жасампаз өзгерістердің бастамашысы, қатысушы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи  әдебиеттерді, баспасөз  материалдарын, Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген әдебиеттер қойылды.

       Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен  Астана туралы 50-ге жуық фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер қойылды. Кітап көрмесіне 350 кітап қойылды.


 

Вернуться назад