DataLife Engine > Жаңалықтар > «Мен сүйемін елімді»

«Мен сүйемін елімді»


24-01-2018, 16:28
Автор: akbota

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  қаңтардың 24 жұлдызында  жас ұрпақтың бойына  туған жеріне, еліне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру және рухани адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында  «Мен сүйемін елімді» атты әдеби – сазды кеш ұйымдастырылды.

    Шара барысында №12, І. Қабылов атындағы орта мектебінің оқушылары, туған жер, Атамекен, Елордамыз Астана  жайлы өлеңдер оқып, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, шынайы патриоттық сезімдерін білдірді. «Өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз»  бойынша сахналық қойылым қойып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әдеби – сазды кешке қаламыздағы  №211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп, №264 мектеп-лицей,  №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектеп, М. Дүйсенов атындағы №15 және №101 Ә. Мүсілімов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары қатысты.

     Шара соңында қатысушылар «Арқа төсіндегі ару қала – Астана» атты кітап көрмесімен танысты.











 

Вернуться назад