DataLife Engine > Жаңалықтар > «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» /Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша кітап марафоны/

«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» /Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша кітап марафоны/


4-04-2018, 18:46
Автор: akbota

«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...»

 

     Б.Момышұлының «Ұшқан ұя»  повесі бойынша  кітап оқу марафоны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Оқы,  талқыла,  өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафонын өткізеді. Оқу марафонының мақсаты -  кітап оқуды насихаттау және оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру. Оқуға Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя»  повесі ұсынылады. Шара барысында «Мен оқыдым, сен де оқы»,  «Кітапты көп оқитын мектеп»,  «Кітапқұмар сынып»,  «Ең үздік эссе», «Үздік видео-шолу», «Үздік иллюстрациялы сурет»  сайыстары  ұйымдастырылады.

    Кітап оқу марафонына 11-16 жас аралығындағы балалар қатыса алады.  Кітап оқу марафоны сәуір айында басталып, 2018 жылдың қазан айында қортындыланады.


Вернуться назад