DataLife Engine > Жаңалықтар > «Қорқыт – түркілердің тәңірлік кемеңгері»

«Қорқыт – түркілердің тәңірлік кемеңгері»


10-04-2018, 12:05
Автор: akbota

    «Оқитын өлке» жобасы аясында, рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным - түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлға туралы мәлімет беру, жастарға туған тарихын, әдеби мұраларын қастерлеуге, елді сүюге тәрбиелеу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қорқыт – түркілердің тәңірлік кемеңгері» атты әдеби кеші өтті.

     Өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі Қорқыт Ата –түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы.. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.

     Іс – шараға Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Рухани қазына» бөлімінің жетекші маманы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбжет Бақыт Сырымұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және  өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Аманкүл Әзірбекованы  қатысып, оқырмандарға Қорқыт жайлы мәлімет берді.

      Келген қонақтарға «Қорқыт: ақиқат пен аңыз» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.






 

Вернуться назад