DataLife Engine > Жаңалықтар > «Бабалар сөзі – даналық көзі» (интеллектуалдық-танымдық сағат)

«Бабалар сөзі – даналық көзі» (интеллектуалдық-танымдық сағат)


17-05-2018, 16:30
Автор: akbota

      2018 жылдың  17 мамыр  күні  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапханасының ұйымдастыруымен  М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттерімен  «Бабалар сөзі –даналық көзі» атты   интеллектуалдық-танымдық  сағат өткізілді.

     Шараның  мақсаты: ұлылардың даналық сөздері, өсиеті туралы- берері  мол қазынаны  жастарға  толықтай таныстыру. Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді  жастарға  түсіндіру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.   Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеуде ұлттық тұлғаның қалыптасатынын ұғындыру.

    Мәдени шараға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж оқытушылары мен студенттері  қатысты.

    Оқырмандар арасында викториналық сұрақ-жауап, тәрбиеге байланысты мақал-мәтел айтудан сайыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.



 

Вернуться назад