DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жас ақындар аренасы»

«Жас ақындар аренасы»


21-05-2018, 16:54
Автор: akbota

    2018 жылдың  18 мамыр күні «Өнер Арбатында» Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының  ұйымдастыруымен «Жас ақындар аренасында»  «Жауқазын -ғұмыр» клуб белсенділері бас қосты.

    Жастың  бойына  мол күш қуат, ұшқыр ой, жігер қайрат, намысшылдық пен талапшылдық тән. Байқасаңыздар әлемге  танымал ғалымдар, ақын-жазушылар, өнертапқыштар, әнші-сазгерлердің басым көпшілігі өздерінің танымал еңбектерін 30-ға дейін жазған – деп, жастарға үлкен сенім  артамыз.

    Шара барысында  клуб белсенділері:  №23 Жәлел Қизатов атындағы мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Маратова Меруерт; Көпсалалы «Ұлағат» Қызылорда колледжінің  оқытушысы Мұқашева Гүлжайна;  Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының библиографы  Қыстаубаев  Қолқанат  өз туындыларын оқыды.

    Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Байтенова «Жауқазын-ғұмыр» клубының жұмысы туралы мәлімдеді.

    Ақын жастарға қамқор әдеби ортаға айнала бастаған   «Жауқазын  - ғұмыр»  атты жас  ақын - жазушылар    клубына шығармашылық қабілеті бар   оқырмандарымызды  шақырамыз.



 

Вернуться назад