DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұрпақ жадында жаңғырар есім»

«Ұрпақ жадында жаңғырар есім»


30-05-2018, 16:21
Автор: akbota

    2018 жылдың 30 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 31 мамыр - саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Ұрпақ жадында жаңғырар есім» атты танымдық лекция өтті.

   Мақсаты:  Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және  қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовты еске алып, еңбектері мен өнегелі ғұмырын  насихаттау.

    Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және  қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасов 1898 жылы Ақмола уезі, Сарысу болысында (қазіргі Қарағанды облысы) дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат танып, 1912 жылы Ақмоладағы орыс мектебіне түсіп, оны бітірген соң ауылына оралады. 1914 жылы Омбы гимназиясында оқып жүрген кезінде Омбыда қазақ  жастары құрған «Бірлік» атты мәдени – ағарту ұйымына, 1918 жылы «Жас қазақ», 1918-1919 жылдары «Қазақ жастарының демократиялық кеңесі» ұйымдарының басшыларының бірі болады. 1937 жылы қыркүйекте тұтқындалғанға дейін Алматы қалалық комитетінің  бірінші хатшысы болып жұмыс атқарды. 1938 жылдың 25 ақпанында атылды.

Әр кезде ағымдағы сәтке байланысты мақалалар жазып тұрды.  Сәдуақасовтың  өмір жолының патша өкіметі құлағаннан кейінгі алғашқы кезеңі С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи романында суреттелган. Ж.Сәдуақасовтың есімі 1957 жылдың сәуірінде ақталды.

    Іс - шара Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Аманкүл Әзірбекова  қатысып, оқырмандарға Алаш қайраткері  жайлы мәлімет берді.

    Іс – шараға  жоғары оқу орнының  оқытушылары, студенттері және кітапхана оқырмандары   қатысты.




 

Вернуться назад