DataLife Engine > Жаңалықтар > Өзіміз жасап көрейік... Шеберлік сабағы-2

Өзіміз жасап көрейік... Шеберлік сабағы-2


8-06-2018, 17:36
Автор: akbota

     8 маусым күні өнер бөлімінің залында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – жастарға бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру, әдемілікке, талғампаздыққа үйрету, еңбекке тәрбиелеу.

     Шеберлік сабағын №267 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Стамшаева Сағыныш, №217 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Шаймерденова Индира және №2 дарынды балаларға арналған Мұрагер мектебінің  бейнелеу пәнінің мұғалімі Алмағанбетова Динара Денесқызы жүргізді. Сабаққа Қызылорда көпсалалы колледж студенттері, оқушылар және «Өнер» клубының мүшелері қатысты.

     Сабақ барысында жастар түрлі-түсті қағаздан, жіптен безендіруге қажетті гүлдер мен формалар жасауды және ағашқа керілген жұқа матаға сурет салуды үйренді. Өз қолдарымен жасалған бұйымдарды қыздар ерекше ынтамен, қызығушылықпен жасады. Келесі сабақ қыркүйек айына жоспарланған.





 

Вернуться назад