DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әлемде талай қызық бар»

«Әлемде талай қызық бар»


21-06-2018, 17:41
Автор: akbota

          21 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқушылардың  білімін арттыру,  зеректілігін шыңдау,  есте сақтау, ойлау, дағдыларын қалыптастырып, дүниетанымын байыту   мақсатында  «Әлемде талай қызық бар»  атты танымдық сағат өткізілді.

         Танымдық сағатқа қаламыздағы №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінің оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар әлемдегі ең қызықты оқиғалар, ұлы қайраткерлер, шет мемлекеттер жайындағы ақпараттарды біліп, олар жайында  қайдан іздеуге болатынын үйреніп,  білімдерін кенейтті. Әлемдік және отандық ең маңызды ұғымдармен, терминдермен танысып,   танымдық- викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында «Әлемде талай қызық бар» суретті кітап көрмесімен  танысып,  пікір алмасты.





 

Вернуться назад