DataLife Engine > Жаңалықтар > «Табиғат тамыршысына айналған талант» кітап көрмесі

«Табиғат тамыршысына айналған талант» кітап көрмесі


13-07-2018, 09:21
Автор: akbota

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 2018 жылдың 11 шілде күні көрнекті   жазушы, эколог, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері С.Жұбатыровтың 70 жылдық мерейтойына  арналған  «Табиғат тамыршысына айналған талант»  кітап  көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің мақсаты жастарға  туған өлкеміздің танымал тұлғасы, көрнекті қаламгер, эколог Сайлаубай Жұбатыровтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сайлаубай Жұбатыровтың шығармаларын оқыған сайын өзіндік жазу стилімен көрінетін өз өрнегі, өз қолтаңбасы, бай сөздік қорын орын-орнына қойып пайдалана алатынын байқаймыз.

    2 негізгі бөлімнен тұратын көрмеге 60-қа жуық әдебиет пен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар мен фото-суреттер қойылды. Онда Сайлаубай Жұбатыровтың өмір жолы, еңбекке араласқан жылдары, қоғамдық қызметі қамтылған.

      «Аралдың асқақ перзенті» атты бірінші бөлім С.Жұбатыровтың «Алыстағы аралдар», «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл сағым», «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984 ж) , «Алақандағы ұя» шығармалары мен үш томдық  «Абыржы»  трилогиясы қойылған.

      Екінші бөлім «Теңізбен тел өскен азамат» деп аталады. Мұнда Сайлаубай Жұбатырұлының азаматтық, патриоттық, отаншылдық, Арал экологиялық-әлеуметтік дағдарысына ұзақ жылдар қаламгерлік әлеуетін көсемсөзбен арнаған  көркемдік шындығы туралы айтылған.

С.Жұбатыровтың өмірі мен қызметі жайында жалпы саны 107 библиографиялық жазба, оның ішінде С.Жұбатыровтың өзі жазған 69 библиографиялық жазба кірген.



 

Вернуться назад