DataLife Engine > Жаңалықтар > «Алуан түрлі кәсіп бар»

«Алуан түрлі кәсіп бар»


17-07-2018, 17:55
Автор: akbota

   Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.        

  Осы орайда, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында   «Алуан түрлі кәсіп бар»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мақсаты: болашақта жастардың  өз мамандықтарын  дұрыс таңдауға бағыт- бағдар бере отырып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру,  өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау,  қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып , кәсіби бағдар беру.  

  Шарада кітап көрмесіне келген студенттерге мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануына, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жететінін сонымен бірге кең тараған мамандықтарды атап мағұлматтар беріліп, әдебиеттерге шолу жасалды.


 

Вернуться назад