DataLife Engine > Жаңалықтар > Өрлей бер, гүлдене бер, туған қалам» (Қызылорда қаласының туған күніне арналған кітап көрмесі)

Өрлей бер, гүлдене бер, туған қалам» (Қызылорда қаласының туған күніне арналған кітап көрмесі)


11-09-2018, 18:44
Автор: akbota
    2018 жылдың 12 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған «Өрлей бер, гүлдене бер, туған қалам» атты кітап көрмесі жасалды. Көрмеге  күллі қазақ үшін қасиетті ортақ жер атанған Қызылорда қаласының ежелгі сан ғасырлық тарихын шежіредей шертетін «Сыр өңірінің тарихы», «Дария жағасындағы қала», «Алаштың Ақмешіті», «Қызылорда», «Қызылорда Астана болғанда», «Сыр ескерткіштері»  атты кітаптарымен қатар, ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батыр, ғұлама Тұрмағамбет, ақын Әбділда мен Нартайдың, тамаша халық жазушылары Әбділда мен Қалтайдың, қазақтың біртуар ұлдары Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев пен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев,  тағысын тағы көптеген аруақты, дарынды перзенттердің кітаптары қойылды.Сондай-ақ,       Бағдат Кәрібозұлының Қызылорданың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен баянды болашағы жайлы сыр шертетін («Менің Отаным –Қазақстан») сериясымен шыққан «Қызылорда» атты кітабы, «Сыр бойы»энциклопедиясы, т.б. көптеген кітаптармен қатар әлеуметтік-экономикалық, мәдени - рухани салаларда өсіп, дамып, өркенін жайған, көптеген оқу орындарының іргетасы қаланып, мәдени және өнер ғимараттары, әсем де сәнді тұрғын үйлер бой көтерген Қызылорда жайлы фотосуретер қойылды.




Вернуться назад