DataLife Engine > Жаңалықтар > «Рухани жаңғыру – ұлт негізі»

«Рухани жаңғыру – ұлт негізі»


12-09-2018, 15:42
Автор: akbota

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 12 қыркүйек күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер Сарайында «Рухани жаңғыру – ұлт негізі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

      Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық   мақаласының  мақсаты мен мүддесін қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау жұмысына ерекше мән беріліп отыр. Ұлтымыздың рухын көтеретін бірден-бір озық ойлы мақалада: «Біртұтас  ұлт болуымыз үшін ең алдымен ұлтымыздың рухы мықты болуы керек. Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Біз  жаңғыру жолында  бабалардан мирас болып, қанымызға  сіңген, бүгінде  тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» - делінген. Осыған орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне Н.Назарбаевтың ұлт мүддесін көздеген бастамаларын баяндайтын еңбектері,  үш тілде жарық көрген «Ұлы дала елі» кітабы, және еліміздің мемлекеттік құрылымы, тарихы, киелі жерлері, мәдениеті, қазақ халқының өзіне тән ұлттық құндылықтары,  әдет-ғұрпы, ұлттық салт-дәстүрі  туралы 260 кітап  және  фотосуреттер  қойылды.




 

Вернуться назад