DataLife Engine > Жаңалықтар > «Түпсіз тұңғиық» Ақпарат сағаты

«Түпсіз тұңғиық» Ақпарат сағаты


14-09-2018, 15:44
Автор: akbota

     2018 жылдың 14 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Түпсіз тұңғиық»  атты  нашақорлықпен  күреске арналған ақпарат сағаты өткізілді.

     Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Осы орайда, жастарды жаман әдеттен арылту мақсатында оқы залы секторында «Түпсіз тұңғиық» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.

    Мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа баулу.
    Шараға Қазақ гуманитарлық заң  және техникалық жоғары  колледжінің жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Т.Меңдібаев және оқытушылары мен студенттері қатысты. Өз  ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді.

     Іс – шараға қатысқан оқырмандарға «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


 


Вернуться назад