DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жайықтан ұшқан ақ шағала» (Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған поэзия кеші)

«Жайықтан ұшқан ақ шағала» (Ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған поэзия кеші)


14-09-2018, 16:39
Автор: akbota

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 14 қыркүйек күні ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Жайықтан ұшқан ақ шағала» атты поэзия кешін  ұйымдастырды. 

      Шараның мақсаты: Ақынның шығармашылығын дәріптеу, жастарды поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.  

Ақұштап ақынның жырларының ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Мәдени шараға «Болашақ» университетінің студенттері қатысып,  Ақұштап ақынның өлеңдері мен   поэзияны  сүйетін жастар өз шығармашылықтарынан өлеңдерін  оқыды.

       Шара барысында ақынның «Ана әлдиі», «Өлең деген құдірет» екі томдық таңдамалы өлеңдер жинағы оқырман қауымға таныстырылып, ақын сөзіне жазылған әндері орындалды. Қазақ поэзиясында өзіндік орны, қолтаңбасы бар қаламгердің қоғамды, адамды толғандырып отырған әлеуметтік құбылыстарды арқау еткен туындылары оқырмандарды терең ойға қалдырып, жастардың жігерін оятты.




 


Вернуться назад