DataLife Engine > Жаңалықтар > «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» (Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған тарихи кеш)

«Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» (Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған тарихи кеш)


20-09-2018, 16:47
Автор: akbota

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2018 жылдың 20 қыркүйек күні Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Темірбек Жүргенов – қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты тарихи кеш ұйымдастырды. Мақсаты Темірбек Жүргеновтың өмір жолы мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегін насихаттау.

    Қазақ халқының қоғамдық өміріне етене араласқан Темірбек Жүргеновтың Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу, халық ағарту жұмыстарына, алғашқы музыка театрын ұйымдастыруға қосқан үлкен үлесі мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегі тарихи кештің негізгі тақырыбына айналды. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы Тарих, филология және өнер ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы, «Болашақ» университетінің филология ғылымдарының кандидаты Медетбаев Тасболат, ақын, журналист Әбілдаева Ғазиза, кітапханамыздың тұрақты, белсенді оқырманы, «Кездесу» клубының мүшесі Маханбетов Бекжан қатысып, тарихи деректерге шолу жасап, қайраткер жайында естеліктермен бөлісті.

    Шара соңында Темірбек Жүргеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарих. Тағдыр. Тұлға» атты деректі фильмі көрсетіліп, кітап көрмесі қатысушылар назарына ұсынылды.







 

Вернуться назад