DataLife Engine > Жаңалықтар > Кітап патшалығына саяхат /экскурсия/

Кітап патшалығына саяхат /экскурсия/


21-09-2018, 18:41
Автор: akbota

      Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында    21 қыркүйек күні   балаларды кітап оқуға тарту  және қызығушылығын арттыру мақсатымен  Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің 1«Б» сынып оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен кітапханада саяхат өткізілді. Балаларға кітапхана жайлы тартымды да қызықты әңгімелер айтылды,  жергілікті ақын  Ә.Тәжібаев  музейін тамашалады.   Келесі кезекте «Балдырған»  залында «Веселый час с Агнией Барто» шарасы   ұйымдастырылып, балалар ақыны А.Бартоның шығармалары таныстырылды, «Знаю о книге все», «Угадай героя», «Из какой книги» викториналары өткізіліп, «Покажи героя»  ойыны ойналды. Балалар «Веселый час с Агнией Барто»  атты кітап көрмесіндегі  жаңа әдебиеттермен танысты. Шара соңынан балалар «Балдырған» залында қызықты  мультфильмдер көрсетілді. Алдағы уақытта мектеп оқушылары ата – аналарымен бірге кітапханаға саяхатқа келуін ұйымдастыру жалғасын табады.






 

Вернуться назад