DataLife Engine > Жаңалықтар > «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»


27-09-2018, 15:47
Автор: akbota

       Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, саяси сауатты еліміздің қалаулы азаматтары болып өсуге баулу, мемлекетіміздің қалыптасқан қағидаларына құрметпен қарайтын патриотты жастарды қалыптастыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 27 қыркүйек күні Қызылорда «Ұлағат» колледжінің  студенттері  арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»  атты  дәріс  ұйымдастырылды.

    Іс-шараға  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Агенттігінің    мемлекеттік  қызмет істері департаментінің бас маманы А.Сәлімжан, Қызылорда «Ұлағат» колледжінің оқытушылары Ә.Мұқанбетқали, Б.Лесханқызы қатысып, жастарға сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып, бұл дерттің еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні  даусыз екенін түсіндірді.

      Оқырмандар жемқорлық туралы өз ойларын ортаға сала отырып «Жемқорлық ғасыр дерті» атты кітап көрмесіндегі А.А Смағұловтың «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары», Е.Алаухановтың «Криминология» оқулықтары мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» т.б. әдебиеттермен танысып өздеріне керекті мағлұматтар  алды. 




 

Вернуться назад