DataLife Engine > Жаңалықтар > Оразбай Сағындықұлы Қосановтың «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері

Оразбай Сағындықұлы Қосановтың «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері


26-10-2018, 16:57
Автор: akbota

     26 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Оразбай Сағындықұлы Қосановтың «Балаларға базарлық» кітабының тұсаукесері өткізілді. Шараға О. Қосановтың «Бозторғай» өлеңінің әнін жазған облысқа белгілі композитор Аққошқар Сералиев, «Сыр өрені» балалар бақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері, №7 мектеп-лицейдің, №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

   Кітап балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тіліне, ой-өріс қиялына, тез түсініп, жеңіл қабылдауларына лайықталып жазылған. Ұлтымыздың бояуы мол дана тілімен қанықтырылып, түрлі-түсті суреттермен көркемделген.

    Шараға қатысқан балалар ақын О.Қосановтың адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ата-ананы үлкендерді сыйлап, табиғатты танып қорғай білуге шақырған өлеңдерін жатқа оқыды. Мың бұралған би мен әсем ән орындады. Қосановтың немерелері аталарына өз құттықтауын арнап, әннен шашу шашты.

    Шара барысында «Бала тілін тапқан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.







 

Вернуться назад