DataLife Engine > Жаңалықтар > «Оқимыз.Үйренеміз.Ізденеміз»

«Оқимыз.Үйренеміз.Ізденеміз»


2-11-2018, 16:52
Автор: akbota

  2018 жылдың қараша айының 2-11 жұлдызы аралығында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалардың білуге деген қызығушылығын арттырып, танымдық көкжиегін кеңейтуге көмегін тигізу мақсатында «Оқимыз.Үйренеміз.Ізденеміз» атты көрме-кеңес ұйымдастырылды. Көрмеге білімнің әр саласына байланысты кітапхана қорына келіп түсіп жатқан энциклопедиялық жаңа басылымдар қойылды. Атап айтсақ, «Менің алғашқы энциклопедиям», Г.Түсіпбекованың «География» энциклопедиясы, В.Казенастың «Опасные животные Казахстана», А.Иващенконың екі тілде шыққан «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» және  «Сокровища растительного мира Казахстана»,   «Үлкен энциклопедия» сериясымен қазақ тілінде тұңғыш жарық көріп отырған «Астрономия» энциклопедиясы, танымдық анықтамалықтар «Ормандар», «Теңіз жануарлары», «Ұлы өнертабыстар», «Халықтар мәдениеті», «Фестивальдар», «Көліктер», тағы басқа 100-ден аса кітаптар қойылды. Ізденсем, білсем, үйренсем, оқысам деген оқырман көрмеден кез-келген сұрағына жауап таба алатынына сенімдіміз.

  Кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, бүгінгі көңілі ояу, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті рухани мол азық ала отырып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындай алады. Қазіргі таңда кітаптар кез-келген тақырыптарға арналып, түрлі бағытта басылып жатыр. Келіңіздер, көріңіздер, біз сіздерді күтеміз!

 

Вернуться назад