DataLife Engine > Жаңалықтар > «Кітапханадағы музыкалық кештер. Фортепианолық музыка»

«Кітапханадағы музыкалық кештер. Фортепианолық музыка»


23-11-2018, 18:56
Автор: akbota

        23 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханадағы музыкалық кештер» айдарымен фортепианолық музыка өнері ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – фортепиано өнерін насихаттау, жастарды  өнерді құрметтеуге баулу, эстетикалық талғамдарын шыңдау және рухани тәрбие беру. 

        Шара барысында Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінен Ысқақ Азат және осы колледждің дирижерлік ету бөлімінің студенті Абдулла Нұрай мен фортепиано үйірмесінің оқушылары классикалық шығармалар мен заманауи композиторлардың туындыларын орындады. Әр шығарманың жазылу тарихы мен авторы жайында мәліметтер айтылды. Сонымен қатар танымал фильмдердің саундтректері орындалды.

        Фортепианолық музыка кешіне қаламыздағы Қызылорда көпсалалы, Өркениет медициналық колледж студенттері, «Өнер» клубының мүшелері қатысты.




 

Вернуться назад