DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ел тірегі - Елбасы»

«Ел тірегі - Елбасы»


30-11-2018, 12:27
Автор: akbota

    2018 жылдың  30 қараша күні  сағат 10.00 де   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты: Тұңғыш Президенттің көрнекті саясаткер, Ұлт көшбасшысы ретіндегі тұлғасын,тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы  еңбек жолы, тарихи кезеңдер туралы маңызды жаңа әдебиеттермен  таныстыру. Жас ұрпақты,  Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан, Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, идеясы ерен, келешегі кенен  мақаласымен таныстыру. Төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген - Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде  жатқанын, мықты далалық өркениетіміздің бар екенін көрсету.

Көрмеге көне заманнан бүгінге дейінгі мемлекет шежіресінен сыр шертетін әдебиеттер орын алған. Халқымыздың салт-дәстүрі, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз жәйлі  жаңа әдебиеттер ұсынылды.

    Мерекелік шара Облыстық кітапхананың директоры Н.А.Мырзамұратованың құттықтау сөзімен ашылды. Шарада  Елбасы туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі, майор Абдуллаев Ерлан ой толғамдарымен бөлісті.

   Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  оқытушылары, БАҚ өкілдері, «Болашақ» медициналық колледжі студенттері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметкерлері  қатысты.





 

Вернуться назад