DataLife Engine > Жаңалықтар > «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» (сұхбат)

«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» (сұхбат)


6-12-2018, 17:07
Автор: akbota

    2018 жылдың  6 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»  тақырыбында сұхбат өткізді.

     Шара мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Шараға облыстық ішкі саясат  басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы қатысып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

     Іс-шара барысында  дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм  туралы  айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен  экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің  жолдары, елімізге келтіретін  зардаптарын жан - жақты талдап, жастарды  қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға  шақырды.             Шараға  М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі мен С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің студенттері қатысты.

    Оқырмандар назарына кітап көрмесі ұсынылды.


 

Вернуться назад