DataLife Engine > Жаңалықтар > Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясының ашылу салтанаты

Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясының ашылу салтанаты


22-01-2019, 16:34
Автор: akbota

   Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны  сақтау мақсатында   республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын.

  Биыл «Бір ел - бір кітап»  акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың поэзиясы мен Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы жалпыхалықтық оқуға ұсынылды.

  22 қаңтар күні Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Бір ел - бір кітап» акциясының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қ.Есімсейітова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғ.Әбілдаева, ақын А.Толыбаев, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Т.Тілес және  жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.  Шарада «Booкclab» клуб мүшелері, белсенді оқырмандар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқыды. Теледидардан кітапхана жайлы деректі фильм көрсетіліп, кітап  хит парады ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасында жыл көлемінде Қазақстанның Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған  «Жұлдыз шашқан жырлар» поэзия кеші, «Неге маған жырламасқа, Сырда туған елімді» Тәжібаев оқулары, «Ә.Тәжібаевтың шығармашылық мұрасы» дөңгелек үстөл, оқу марафоны   ұйымдастырылады. Ақпан айында  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасымен бірлесіп «Ә.Тәжібаевтың ақындық әлемі» тақырыбында онлайн-конференциясын өткізу жоспарланған.

 Сонымен қатар Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық оқу марафонына қатысты.








  


Вернуться назад