DataLife Engine > Жаңалықтар > КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ


20-03-2019, 18:33
Автор: akbota
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай кітапхана қызметкерлері арасында «Ата-салтым – ардақтым» атты сайыс ұйымдастырылды. Мерекелік кеште кітапхана қызметкерлері ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртып, мазмұнды көріністер қойды. Қазақтың ұлттық аспаптарында өнер көрсетті. Ән айтып, би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді. Қатысушылар наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болып, жоғары деңгейде өткізілді. Сайысқа қатысқан топтар түрлі номинациялармен марапатталды. 





 

Вернуться назад