DataLife Engine > Жаңалықтар > «КӨНЕ ДӘУІР ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» сирек кітаптар көрмесі

«КӨНЕ ДӘУІР ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРЛЕРІ» сирек кітаптар көрмесі


29-03-2019, 13:33
Автор: akbota

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы бірлесіп «Архив-2025» бағдарламасы аясында «Көне дәуір әдеби жәдігерлері» атты сирек кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау мақсатында халқымызға сондай-ақ, күллі түркі дүниесіне ортақ әдеби жәдігерлерді көпшілікке таныстыру, сол арқылы жас ұрпақтың тарихи санасын жаңғырту.

Көрмеге шетел архивтері мен кітапханаларынан әкелінген ұлтымыздың әдеби құнды мұралары қойылды. Оқырмандар Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік», Махмут Қашқаридың «Диуани Лұғат ат түрк», Ахмед Иүгінекидің «Хибатул хақайық», Әл-Ферғанидің «Астрономия», Әбу Райхан Әл-Бирунидің «Медицина» туралы еңбектері және «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден мен Ватикан нұсқаларының көшірмелерімен танысты.

Көрме аясында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкерлері оқырмандармен кездесу ұйымдастырды. Шараға облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Мыңжас, «Рухани қазына» бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты С.Қосан, филология ғылымдарының кандидаты Г.Әшірбекова, «Атамекен» бөлімінің басшысы Б.Нұриман, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» айтысының екі дүркін жеңімпазы М.Ниязов қатысып, көрмеге қойылған кітаптардың мазмұны, тарихы және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесіне тоқталды.

Кез келген халықтың жазба мұралары – сол елдің құнды дерегі, сол халықты танытатын тарихы. Сондықтан да ұлттың бәсекелік қабілетін арттыруда тарихи жадымызды жаңғыртудың маңызы зор.

Түркі әлемінің рухани мұрасы бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын жаңғыртып қана қоймай, олардың бойына ұлттық рухты сіңіреді.




 

Вернуться назад