DataLife Engine > Жаңалықтар > «Андерсен еліндегі кейіпкерлер» ( мерекелік кеш)

«Андерсен еліндегі кейіпкерлер» ( мерекелік кеш)


2-04-2019, 17:20
Автор: akbota

       2 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Андерсен  еліндегі кейіпкерлер» атты мерекелік шара ұйымдастырды.

       Дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің өмірбаянының қызықты деректерімен таныстыру, шығармашылығына қызығушылықтарын ояту, балалардың бойындағы қабілетін шыңдау мақсатында  өткізілген шараға  №4 С. Сейфуллин атындағы орта мектеп,  С. Әлжіков атындағы № 144 орта мектеп окушылары қатысты.

       Шараға қатысқан балалар ұлы жазушының балалардың ой өрісін  кеңейтіп, қиялын санқияға жетелейтін ертегілерінен көрініс қойды. Кітап мерекесіне арнап мың бұралған би мен әсем ән орындады.

     Шара соңында қатысушылар  «Кітап – ғажайып әлем» атты кітап көрмесімен  танысты.





 

Вернуться назад