DataLife Engine > Жаңалықтар > «Поззия-жанымның жарық оты...» (Ә.Тәжібаевтің 110 жылдығына арналған) жас ақындар мүшәйрасы

«Поззия-жанымның жарық оты...» (Ә.Тәжібаевтің 110 жылдығына арналған) жас ақындар мүшәйрасы


9-04-2019, 16:32
Автор: akbota
     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы  аясында «Поззия-жанымның жарық оты...» атты жас ақындар мүшәйрасын   өткізеді. Мүшәйра көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтің 110 жылдығына арналған. Шараның мақсаты  Сырдың толағай ақыны Ә. Тәжібаевтің  өшпес көркем мұрасын насихаттау, жас дарынды ақындарды ынталандыру. Мүшәйра  үш кезеңнен ұйымдастырылады: өзін- өзі таныстыру, «Поззия-жанымның жарық оты...» (Ә.Тәжібаевқа арнау) және еркін тақырыпта өз шығармашылығынан өлең оқиды.

    Мүшәйраға қаламыздағы 11-15 жас  аралығындағы   оқушылар қатыса   алады. 2019 жылдың  25 сәуір айына  дейін қабылданады. 2019 жылы 30 сәуір күні жас ақындар мүшәйрасы   қорытындыланады.

     Қатысушылар өлеңдерін мына мекен-жайға жіберуі керек:  Абай даңғылы 53 Д. Байланыс  телефоны: 30-50-29, 23-15-29,

еmail: kzlorda_ounb@mail.ru ,сайт: www.kitapһana.kz.


Вернуться назад