DataLife Engine > Жаңалықтар > «Әлімсақ» журналының 10 жылдық мерейтойына арналған шара өтті.

«Әлімсақ» журналының 10 жылдық мерейтойына арналған шара өтті.


19-04-2019, 19:28
Автор: akbota

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында республикалық «Әлімсақ» журналының 10 жылдық мерейтойына арналған шара өтті.  Шараға редакция ұжымы, газет жанашырлары, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті баспа ұйымдарының тілшілері, студент жастар қатысты. Басылымның құрылған күнінен бастап қазіргі таңға дейінгі тыныс-тіршілігі, қоғамдағы ролі жайында көптеген видео материалдармен қатар зиялы қауым өкілдерінің естеліктері айтылды. Шара қонақтары журналдың бас редакторы Нұрлан Көбегенұлына басылым алдағы уақытта да тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қоса береді деген сенім білдірді. Кейінгі буын жастар мерейтой иелеріне  өлеңдер оқып, арнау әндер шырқады.






 

Вернуться назад