DataLife Engine > Жаңалықтар > Ғибратты ғұмыр тағылымы Садық Нұрмағамбетов және Оразгүл Нұрмағамбетоваға арналған кітап көрмесі

Ғибратты ғұмыр тағылымы Садық Нұрмағамбетов және Оразгүл Нұрмағамбетоваға арналған кітап көрмесі


26-04-2019, 17:49
Автор: akbota

    2019 жылдың 26 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Садық Хұсайынұлы Нұрмағамбетов және көрнекті фольклортанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Әмірәліқызы Нұрмағамбетоваға арнап «Ғибратты ғұмыр тағылымы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрмеге Садық Нұрмағамбетов және Оразгүл Нұрмағамбетованың өмірбаяндары, атқарған қызметтері, Садық Нұрмағамбетовтың жеткіншек буынға сапалы білім мен тәрбие берумен, Мемлекеттік қызметтерді үйлесімді ұштастырған ағартушының еңбегі туралы, О.Нұрмағамбетованың «Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр», «Ұлы жыршы: Жамбыл Жабаевтың туғанына 125 жыл» және Б.Жүсіповтің «Оразгүл Нұрмағамбетова және қазақ эпостану ғылымы, Ж.Искакованың «О.Нұрмағамбетова – фольклортанушы» атты әдебиеттер, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар қойылып, оқырманға ұсынылды.


 

Вернуться назад