DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені Кітап көрмесі

Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені Кітап көрмесі


30-04-2019, 19:20
Автор: akbota

    2019 жылдың 30 сәуір күні Ә.тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігі, ынтымағы туралы кітаптармен таныстыру арқылы оқырмандар арасында этностар мәдениетін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

    Көрмеге көп ұлтты Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдайтын, тарихын қамтитын, бірлігін бейнелейтін Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы», «Мәңгілік Ел» атты кітаптары, сонымен қатар «Қазақстан – қарашаңырағым», «Мәңгілік Ел – Қазақстан», «Народ Казахстана», «Ассамблея народа Казахстана в истории страны», «Единство в многообразии» кітаптары мен фотоальбомдар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

 


Вернуться назад