DataLife Engine > Жаңалықтар > «Поззия-жанымның жарық оты...» атты жас ақындар мүшәйрасы

«Поззия-жанымның жарық оты...» атты жас ақындар мүшәйрасы


30-04-2019, 16:34
Автор: akbota

       30 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Поззия-жанымның жарық оты...» атты жас ақындар мүшәйрасы   өткізілді. Мүшәйра ақын Ә.Тәжібаевтің 110 жылдығына арналды.

      Сырдың толағай ақыны Ә. Тәжібаевтің  өшпес көркем мұрасын насихаттау, жас дарынды ақындарды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға қаламыздың 11-15 жас аралығындағы  оқушылар қатысты.

   Шара барысында қатысушылар ақын Ә. Тәжібаевқа  арнау өлеңдері мен еркін тақырыпта жазылған өз шығармаларын жатқа оқыды.

   Байқауда бас жүлдені Амангелді Шаттық, 1-ші орын Мәдениет Асхат, 2-ші орынды Әбілда Еркежан,  3-ші орынды Көпжасар Ақбота иеленді. Қатысушылар  алғыс хатпен марапатталды.





 

Вернуться назад