DataLife Engine > Жаңалықтар > Қорқыт ата өнері ұрпақ үнінде

Қорқыт ата өнері ұрпақ үнінде


23-05-2019, 19:33
Автор: akbota

         Қорқыт  ата  мұрасын  насихаттау  мақсатында  2019-2021 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспары аясында  және "Қорқыт Ата" түркі эпосының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қорқыт ата өнері ұрпақ үнінде» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.  

         Шараның мақсаты – кемеңгер қайраткер, ғұлама ойшыл, қобыз сарынын алғаш туындатушы Қорқыт атаны және оның өнерін, шығармашылық даналығын, дүниетанымын жастарға таныстыру.

         Кешке Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің халық аспаптар бөлімінің оқытушысы Бегімсалова Айнуза, осы бөлім студенттері Сәндібек Шапағат, Тұяқбай Жансая және қобызшы-күйші Қанибетова Гүлмира қатысып,  Қорқыттың өмірі мен өнері туралы қызықты мәліметтер айтып берді. Әр күйлерінің шығу тарихына тоқталып, шығармаларын орындады.

        Кешке Қызылорда облысы  төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнаулы оқу орындарының студенттері  қатысты. Шара соңында қатысушылар Қорқыт ата өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттерден дайындалған «Қорқыт және қобыз» атты кітап көрмесімен танысты.




 

Вернуться назад