DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұлы ғалымның Ұлы жолы» / портрет кеші /

«Ұлы ғалымның Ұлы жолы» / портрет кеші /


28-05-2019, 17:16
Автор: akbota

    2019 жылдың 28 мамыр күні кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжінде Қазақстан Ғылым академиясының Тұңғыш президенті, геология ғылымының докторы, академик Қаныш Сәтпаевтың ғылыми және қоғамдық-қай­рат­керлік өмір жолына арналған «Ұлы ғалымның Ұлы жолы» атты портрет кеші ұйымдастырылды.

    Қ.И.Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы - рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы.

    Іс-шараның  мақсаты – ғалымның ғылыми идеялары мен мұрасын дәріптеу, өмірі  мен  еңбек жолын  өскелең ұрпаққа үлгі ету.

   Кітапхана қызметкерлері Қ.Сәтбаевтың өмірі мен қызметтік жолына тоқтала келе, ұлы ғалымның  ғылым жолындағы қайраткер­лік қырлары оның Қазақ  ғылымы мен өнеркәсібіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

   Шара  аясында Қ. И. Сәтбаевқа  арналған өлеңдер оқылып, викторина ойнатылды.

   «Рухани жаңғыру: тұлға  тағылымы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.



 


Вернуться назад