DataLife Engine > Жаңалықтар > «Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі»

«Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі»


5-06-2019, 11:43
Автор: akbota

    Экологиялық білім мен тәрбие беруді күшейту - қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоғамымыздың алдында тұрған басты мәселе. Сондықтан өзімізді қоршаған табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, біз  бұл міндетті жас ұрпаққа жеткізе білуіміз керек.

    Осы орайда  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында  5 маусым – Дүние­жүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне  орай, «Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі» атты кітап көрмесі     ұйымдастырылды.

Мақсаты: экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, айналаны  ластамауға,  таза  ұстауға үндеу,  әдебиеттерімізді  оқырмандарға насихаттау.

    Кітап көрмесіне, Қазақстанның экологиялық мәселелері, табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану және  экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  «Экология және тұрақты даму» атты дәрістер жинағы, Әлинов М.Ш. Экология және тұрақты даму: оқу құралы, Ұ.Б.Асқарова Экология және қоршаған ортаны қорғау, Ж.Жатқанбаевтың «Экология негіздері», Ш.Дүрмекбаеваның «Қазақстандағы экология жағдайының қалыптасуы», А.Баешовтың «Экология және таза су проблемалары» т.б  кітаптар  және мерзімді басылым материалдары қойылып библиографиялық шолу жасалды.


 

Вернуться назад