DataLife Engine > Жаңалықтар > Қазақтың ұлттық аспаптары

Қазақтың ұлттық аспаптары


12-06-2019, 13:22
Автор: akbota

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өнер бөлімі залында «Қазақтың ұлттық аспаптары» атты қызықты әңгіме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа  ұлттық аспаптарды жақын таныстыру, олардың дәстүрлі қазақ музыкасына және өнерге деген қызығушылықтарын ояту.

         Әңгіме барысында бөлімге келушілер  үшін ұлттық аспаптардың түрлері, жасалу тарихы,  ол аспаптың қазақ тұрмысында қандай мақсатта пайдаланғаны туралы қызықты мәліметтер айтылды. Біршама аспаптар көрмеге қойылып, балалар аспаптың дыбысымен, өзіндік үнімен танысты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспаптарының суреттерінен көрме дайындалды.




 

Вернуться назад