DataLife Engine > Жаңалықтар > Бизнес –кеңесші.

Бизнес –кеңесші.


15-06-2019, 11:43
Автор: akbota

     2019 жылдың  13-14 маусым күндері Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда облысы  кәсіпкерлер палатасы  мамандарымен бірлесіп «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында азаматтардың жеке бизнесін ашуға және жұмысын оңтайландыруға көмек көрсететін  қысқа мерзімді кәсіпкерлерге арналған оқыту курсын  өткізді. Мақсаты – тренинг-семинарлар арқылы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру болып табылады. Оқу барысында қазіргі таңда қандай кәсіппен айналысуға болады? Бизнес-жоспардың дұрыс құрастырудың жолдары қандай? Қандай салада бәсеке аз және сұраныс көп? Сондай-ақ табысты арттырудың жолдары және әлеуметтік желілерде жарнама жасаудың тәсілдері жөнінде кең көлемде мәліметтер берілді.

   
 
 

Вернуться назад