DataLife Engine > Жаңалықтар > «Туған елге тағзым»

«Туған елге тағзым»


18-06-2019, 18:31
Автор: akbota

    Назарбаев  Зияткерлік мектебінің  дәстүрлі  «Туған  елге  тағзым» атты өлкетанулық-зерттеу экспедициясына орай қаламызға Алматы  және  Қостанай  қалаларындағы Назарбаев  Зияткерлік мектептерінен, Сыр  өңірінің  тарихымен  және  тыныс-тіршілігімен танысуға  оқушылар  келді. Экспедиция мүшелері 18 маусым  күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасында болып  «Шаңырақ»  интеллектуалды  орталығы  және   өңіріміздің  мақтанышына  айналған  жазушыларымыз Қ.Мұхамеджановтың жеке  кітапханасы мен  Ә.Тәжібаевтың  музейін аралап,  жергілікті ақын, «Шабыт» Халықаралық Шығармашылық Жастар фестивалінің жүлдегері Толқын  Қабылшамен  кездесіп, оның  өмір  жолымен, шығармашылығымен танысты, сыршыл ақынның жастық шақ, махаббат, өмір  туралы  өлеңдерін  тыңдап көкейлерінде  жүрген  сұрақтарын  қойды.




 


Вернуться назад