DataLife Engine > Жаңалықтар > Ақиқат сөздің алдаспандары

Ақиқат сөздің алдаспандары


28-06-2019, 16:46
Автор: akbota

       2019 жылдың 28 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Ақиқат сөздің алдаспандары» тақырыбында көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Көрмеге 1899-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында қазақ және орыс тілінде жарияланған «Дала уалаяты», 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін шығып тұрған апталық газеттің бүкіл болмысы толыққанды ашылған «Қазақ газеті», Н.Омашевтің «1920-жылдардағы кеңестік журналистика», «Қазақ баспагерлері мен полиграфистері», Қазақстанның білімі мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін өркендетуге ерекше еңбек сіңірген журналист Т.Жүргеновтің әр жылдарда жазған әдеби-публицистикалық шығармалары, Қызылорда облыстық «Сыр бойы» (кезінде «Ленин жолы») газетін ұзақ жыл басқарған Қалқабай Әбенов туралы «Редактор Қалқабай Әбенов», «Қазақ журналистикасы», «Сырдың сырлы шежіресі» кітаптары және мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар, 1941-1945 жылғы газеттер топтамасы, 1941-1959 жылдардағы газеттердің сандық форматқа көшірілген дискілері қойылды.


                                                                   

 


Вернуться назад