DataLife Engine > Жаңалықтар > Конституция – мәңгілік елдің тұғыры

Конституция – мәңгілік елдің тұғыры


29-08-2019, 18:41
Автор: akbota

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2019 жылдың 29 тамыз күні 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай  «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің сарбаздары, жастар және кітапхана оқырмандары қатысты.

  Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Сәтбай Дастанбек Яхияұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Ержанов Жасұлан Ерболұлы Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстан халқы үшін ең ұлық мереке және тәуелсіздігіміз бен мемлекет­тігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар екендігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

  Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстан, мемлекеттің негізгі заңы – Конституция туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды. «Конституция – халықтың құжаты» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.




 


Вернуться назад