DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жастар терроризмге қарсы»

«Жастар терроризмге қарсы»


12-09-2019, 18:48
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 12 қыркүйек  күні «Жастар  терроризмге  қарсы» атты сұхбат  өткізілді.

  Әлемдегі қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы болып  тұрғандығы бәрімізге мәлім,  жаһандану процесі мен шиеленісу әлеуетінің өсуі халықаралық және ұлттық қауіпсіздік ахуалына елеулі әсерін тигізіп отыр. Осы ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігі  туындап  отыр. Қазақ жастары үшін дәстүрлі дінімізден бас тартып, басқа дінді қабылдауы, яки радикал ұйымдарға қосылып кетуі ұлттың өркендеу үрдісіне кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан да әлеуметтік жаңаруда зайырлылық принципін алға тарта отырып жастардың рухани дүниесін зерттеу арқылы тәрбие жұмыстарын жүргізу маңыздылығы туындап отыр. Осыған  байланысты мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды. 

   Өткізілген  шараның  мақсаты -  жастарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға  көнбеуге және бейбітшілік пен мейірімділік, ізгіліктің маңызын  түсіндіре  отырып,   патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

  Шараға қатысушылар әлемге әйгілі болған лаңкестік оқиғаларды еске алып, кезінде Сирияға өткен радикалдық исламның құрбандары  туралы видеоны көрді.

  Іс-шараға Қызылорда «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері мен оқытушысы Қонқабаев Нұрболат және Ақмешіт Сырдария  мешітінің наиб имамы Жұбанов Асқар қатысты.



 


Вернуться назад