DataLife Engine > Жаңалықтар > «Семсер жырдың қорғаны» онлайн кездесу

«Семсер жырдың қорғаны» онлайн кездесу


7-11-2019, 19:14
Автор: akbota

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2019 жылдың 7 қараша күні көрнекті ақын  Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп «Семсер жырдың қорғаны» тақырыбында  онлайн-кездесу  ұйымдастырды.

   Шараның мақсаты: 2019 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған ақын шығармаларына талдау жасау. Шарада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Б.Мырзахметова, Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасындағы директордың кітапхана ісі бойынша орынбасары Гүлмира Мұратқызы құттықтау сөз сөйлеп, ақын шығармашылығына тоқталды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының  кандидаты, доцент А.Айтбаева «Ә.Тәжібаев және ұлт руханияты» тақырыбында баяндама жасады. Ақын, ұстаз Д.Торғаева мен ақын-журналист Н.Рахмет ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелер қозғап, қаламгер жайлы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар Семей медицина университеттерінің студенттері мен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары ақын өлеңдерінен үзінділер оқыды.

   Онлайн кездесуге  Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты. 


      


Вернуться назад