DataLife Engine > Жаңалықтар > «Ұлттық теңгенің қалыптасуы»

«Ұлттық теңгенің қалыптасуы»


15-11-2019, 18:06
Автор: akbota

     Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіз еліміздің төл валютасы – теңге айналымға енгізілді. Ұлттық теңге – егемендігіміздің айрықша белгісі, төл теңгеміз, ұлттық валютамыз, ұлттық ақша бірлігі, ұлттық мақтанышымыз, заңды төлем құралы, асыл қазынамыз, еліміздің даму көзі, ұлттық табыс кепілі, тәуелсіздігімізді қамтамасыз ететін ұлттық құндылығымыз. Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бола бастады. Теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екендігінің тағы  да бір айғағы.

    Осы орайда, 2019 жылдың 15 қарашасында  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлттық теңгенің қалыптасуы»  атты  танымдық кеш ұйымдастырылды.

     Мақсаты тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға енуі туралы тереңірек таныстыра отырып, оның маңызын түсіндіру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктерін насихаттау.

      Шара барысында М. Ықсанов  атындағы политехникалық  колледжінің экономика пәнінің  мұғалімі   Қалауова Жанар   ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс элементтері,  қаржы нарығындағы жағдай, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі, валюталық реттеу және қадағалау   туралы  мәліметтер берді.

      Сонымен қатар «Ұлттық – теңге ұлағаты» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.




 



Вернуться назад