DataLife Engine > Жаңалықтар > «Оқитын отбасы-2019»

«Оқитын отбасы-2019»


15-11-2019, 19:06
Автор: akbota

         Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  2019 жылдың 15 қараша күні отбасылық  оқуларды  ұйымдастыру, оқуға басшылық жасау, оқу мәдениетін қалыптастыру  мақсатында «Оқитын отбасы-2019»  атты мәдени шара ұйымдастырды.  Кештің алғашқы қонақтары ретінде Абсодиковтар, Бекбембетовтар отбасылары және Н.Әлиева мен С.Әбіл  шәкірттерімен  қатысты.

        Шара барысында отбасы мүшелері кітаптың адам өміріндегі алатын орнына тоқталып, өздері оқыған кітаптары жайлы ой бөлісті. Кітап және кітапхана туралы әңгімелеп, отбасылық әдеби шығармашылық жұмыстарын көпшілікке таныстырды.

Шараға қатысқан оқырмандар «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесімен танысып, оқырмандармен сұрақ-жауап ойындары өткізілді.



 

Вернуться назад